Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік бақылау комитетінің отырысы «Тобыл» командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевты 7 ойынға қатысу құқынан айырды.
Еске сала кетсек, 16 қазан күні «Тобыл» және «Ақжайық» командалары арасындағы ойын кезінде төреші ассистентін балағаттағаны үшін Нұрбол Жұмасқалиев алаңнан қуылған болатын. Бұл жағдай және жалпы кездесуге жасалған төрелік қостанайлық футбол жанкүйерлерінің наразылығын туғызған-ды.
«Тобыл» командасының бас жаттықтырушысы Омари Тетрадзе «Ойын төрелігіне билік айту менің құзырыма жатпайды, ол үшін арнайы төрешілер бригадасы бар» дейді.
Нәзира Жәрімбетова, Қостанай